️ Сарыағаш “Дарын” мектебінің оқушылары Астанада IT саласының болашақ көшбасшылары үшін өткен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «INFOMATRIX-ASIA» ЖАС ҒАЛЫМДАР конкурсынан күміс медальға ие болды
2025 жылдың 28-31 наурыз күндері Астана қаласында «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауы өтті. Биылғы байқауға 9 елден 600 қатысушы мен 100 жетекші, 210 жоба қатысып отыр.
️Байқаудың негізгі мақсаттары:
• Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту.
• Қазақстанның IT саласын дамытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа жобаларды әзірлеу және жастардың ғылыми-зерттеу әрекеттерін негізге алу.
• Талантты жастарды шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға дайындау арқылы өмір бойы білім алу идеясын жүзеге асыру.
• Саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шығармашылық тәжірибе алмасу.
Сарыағаш ауданы N4 мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Холмирзаев Шадиер Ерманұлы, Абдукаюмова Аружан Әбдіхалыққызы, Босимбеков Миранбек Мұратбекұлы “Lego Relay Race “ (LEGO эстафетасы) бағытына қатысып медальға ие болды. Жетекшісі Жүзбаев Арман Қасымбекұлы. Шәкірттерімізге Алматы энергетика және байланыс университетінің 100/ гранты берілді. Құттықтаймыз!