
Сарыағаш ауданының N4 мамандандырылған мектеп-интернаты 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынамыз:
✅ЕРЕЖЕ:
Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.
Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.
Іс-шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды.
Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
Мектепке шақырылған қонақтар немесе ардагерлер болса, әдеп пен құрмет сақтау – міндетті талап.
Барлық ата-аналар мектеп әкімшілігі бекіткен уақыт пен сценарийге сәйкес әрекет етуі тиіс.
Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
Жекелеген оқушыларды бөліп-жаруға, материалдық жағдайға байланысты кемсітуге жол берілмейді.
Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
♂️ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
4 және 9- 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету;
Оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жеке бастама шараларын өткізу;
Мектеп ғимараты мен мүлкін пайдалануда рұқсатсыз әрекет жасау;
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату;
Мектептің ішкі тәртібін бұзатын әрекеттерге итермелеу.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
✔️ Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;
✔️ Қатысушылар мектеп формасын немесе салтанатты киім киюі тиіс;
✔️ Іс-шара кезінде оқушыларға қауіпсіздік техникасы мен тәртіп сақтау талаптары түсіндіріледі;
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау – әрбір ата-ана мен мұғалімнің міндеті;
✔️ Іс-шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
✔️ Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік қарастырылады – әділеттілік пен ашықтық қағидаты басты назарда;
✔️ Ата-аналар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық пен түсіністік сақталуы тиіс;
✔️ Шара барысында фото/видео түсіру мектеп әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.
Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген, жағымды орта қалыптастырамыз.
Мектеп директоры : Дәне Мұрат Сейтжанұлы