2025 жылғы 8–9 желтоқсан күндері Түркістан қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектепте Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ мен USTEM Foundation қорының ұйымдастыруымен Turkistan FIRST Regional 2025 халықаралық робототехника турнирі жоғары деңгейде өтті.

Аталған турнир аясында FIRST LEGO League Discover, Explore және Challenge санаттары бойынша өңіріміздің жас инженерлері, бағдарламалаушылары мен зерттеуші оқушылары өз жобаларын ұсынып, білімдері мен тәжірибелерін сынға салды. Биылғы маусымның негізгі тақырыбы — «Археология дәуірі», яғни өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеуге бағытталды.

FIRST чемпионаты — мектеп оқушылары арасында STEM дағдыларын, инженерлік ойлауды және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға арналған халықаралық бағдарлама болып табылады. Биылғы айтулы додаға 30-ға жуық команда мен 160-тан астам оқушы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр санаттың жеңімпаздары Орталық Азияда өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Атап айтқанда, FLL Challenge санаты бойынша Сарыағаш қаласындағы «Дарын» мектебінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, арнайы номинациямен марапатталды.

Команда құрамы:

  • Таубай Нұрисламкапитан,
  • Әлімбек Серғазынегізгі бағдарламалаушы (Main Programmer),
  • Айтубаев Нұрғазыбағдарламалаушы (Programmer),
  • Ұзақбай БекасылSMM маманы, зерттеуші (SMM | Researcher),
  • Перде Ерқанатдизайнер (Designer),
  • Тешебай Дінмұхаммедконструктор (Constructor),
  • Пошан Асельянегізгі зерттеуші (Main Researcher),
  • Асан Толғанайзерттеуші (Researcher).

Команда мүшелерінің әрқайсысы жобаны әзірлеу барысында өз бағыттары бойынша белсенділік танытып, жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбегінің нақты нәтижесі.

Аталған турнир жасөспірімдердің ғылыми-техникалық әлеуетін арттырып, болашақ инженерлер мен өнертапқыштарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.