“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ — 180 ЖЫЛ” мерейтойы қарсаңындағы шәкіртіміздің тамаша тартуы
2025 жылдың 23—24 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізу, ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Абайтану» шығармашылық олимпиадасының республикалық кезеңінде Түркістан облысының атынан 6 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді.
ІІІ Әкімқожа Айша — Сарыағаш ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп интернатының 9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Құрбанова Лескүл Ергешқызы.
⚜️ Қиялдарына қанат бітіріп, шығармашылықтарын шыңдап жүрген жас дарындарымызды, ұстаздары мен ата-аналарын жеңісімен құттықтаймыз!