5-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ProEco» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2025 жылдың 8-сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, «№33 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты –
экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурсқа облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары мен аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарынан 81 жоба, 102 оқушы қатысты.
Конкурстың облыстық кезеңі бір турдан тұрады, төмендегі бағыттар бойынша өтеді:
1. «Туған өлке табиғаты» бағыты (жеке жоба);
2. «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты (жеке жоба);
3. «Үздік экологиялық бастама» бағыты (командалық жоба 2 қатысушыдан аспауы тиіс);
4. «Таза қала сізден басталады» бағыты (жеке жоба).
Конкурстың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша әр бағыттан ең жоғарғы ұпай жинаған жеке және командалық жобалардан 5 қатысушыларымыз 2025 жылдың 28-30 сәуір күндері Астана қаласында өтілетін аталған конкурстың республикалық қорытынды кезеңіне қатысады.
ПроЭко облыстық сайысының нәтижесі:
І орын — Толыбай Жанел
ІІ орын — Сәрімбай Мейіржан
ІІІ орын — Ернұр Ибрагим, Бексұлтан Қалмен
Жеңімаздарды құттықтаймыз!