САРЫАҒАШ “ДАРЫН” МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Батыс Қазақстан облысы «Дарын» қосымша білім орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2025 жылы 31 наурыз және 4 сәуір аралығында Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі өткізілді.

✅ Мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Сматилла Аруна ІІ орынға ие болды //Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, жетекшісі Сүлейменов Сұлтан Әбілқайұлы//

Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорлық грант иегері атанды. Құттықтаймыз!
#darynschool #saryagash