САРЫАҒАШ «ДАРЫН» МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
Жылда Жаңа жылдың басындағы қарбалас ерекше іс-шарамен жалғасын табады. Ол республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі. 4-5 сағаттық жолдың қауіпсіздігі бір уайым болса, тұлпарын баптаған ұстаз-білімбегінің адал еңбегінің таразыға тартылатын кезі, уайым-күдік-үмітке толы кезең. Шашасына шаң жұқпас кіл жүйрікте кімнің жүйрік екенін анықтайтын шақ. Бір қуанарлығы бұл бәйгеден де біздің ұжымның алар олжасы мол екен, шүкір. Білімге құштар шәкірттеріміз, қамқор ата-аналарымыз, еңбекқор әріптестеріміз барда әлі талай биікті бағындырармыз, Алла қаласа. Мен барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді , ата-аналарын, әріптестерімді, мойнына медаль ілген барша жеңімпаздарды құттықтағым келеді. Білімдінің күні жарық, әлем сіздермен жарық, жас дарындар!!!

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5-8 қаңтар күндері Түркістан қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Шәкірттеріміз 2

11

9

1

жалпы 23 орынға ие болып ата-аналарының, ұстаздарының сенімін ақтады.

Сматилла Аруна /қазақ тілі/

Балтабек Нұрбақ /химия/

Байбекова Сабина /биология/

Нигматтулаева Анэля /физика/

Нұрлыбек Шұғыла /география/

Камал Жансерік /информатика/

Әкімқожа Айша /қазақ тілі/

Арыстанбек Әділбек /қазақ тілі/

Нұртаза Нұрай /қазақ тілі/

Сейіткәрім Бақдәулет /ағылшын тілі/

Жақсылық Ұлжарқын /тарих/

Ануар Айлин /құқық/

Холмирзаев Шадияр /информатика/

Сағатилла Әсел /биология/

Мергенбай Кәусар /физика/

Абдукаюмова Аяулым /химия/

Анар Елжан /география/

Төленбай Берік /география/

Садуахасов Айбек /информатика/

Әлібек Айжан /орыс тілі/

Дәулетбек Нұрай /тарих/

Балабек Нұркелді /тарих/

Мафрулла Айгерім /химия/

Сарыағаш “Дарын” мектебінің олимпиадалық командасын толағай табысымен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!!!!