Оқушымыз ️«Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми конкурсынан арнайы марапатқа ие болды.
✅ Конкурсқа жалпы төрт мемлекеттен 120-ға жуық оқушы қатысты.
Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы өтті. Биылғы байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің (Карачаевск, Черкесск, Теберда, Усть-Джегута), Өзбекстанның (Ташкент) және Қырғызстанның (Бішкек) қалаларынан оқушылар бақтарын сынады.
Конкурс аясында қатысушылар зерттеу жұмыстарын келесі төрт секция бойынша ұсынды:
1️⃣Ғарыштық техника және инфрақұрылым
2️⃣Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу
3️⃣Күн жүйесі және ғарыш физикасы
4️⃣Биология және ғарыштық медицина
✅ Конкурс екі күнге созылды. Байқау ережесіне сәйкес, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары мен арнайы сертификаттар табысталды.
Оқушымыз Абдукаюм Аружанның зерттеу жобасы үздік деп танылып, грамотамен марапатталды. Жетекшісі Арман Қасымбекұлы.
️ Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!