2025 жылдың 24 сәуір күні Түркістан қаласы, жалпы білім беретін мектептің базасында Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында V республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
✅Байқаудың мақсаты:
— философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
— Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру;
✅Байқау 5 бағыттан тұрады.
-I бағыт: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын түсіне білу, оны дамыту, өз сезімімен байланыстыра алу талабы қойылады.
— II бағыт: «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау.
— ІІІ бағыт: «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу.
— IV бағыт: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы.Хандар, Батырлар» ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау.
— V бағыт: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы, Би-шешендер, жырау-ақындар». Таңдап алған тұлғасы туралы толық деректер жеткізу.
Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасынан жалпы саны 96 оқушы қатысты.
Шәкірттеріміз Пошан Әсел , Мергенбай Кәусар орынға ие болды. Жетекшісі педагог-зерттеуші Бексейтова Гүлзира
️ Жарқын жеңістеріңізбен құттықтаймыз.