2024 жылғы 9-13 қараша аралығында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында өткен «Қазақстан білім олимпиадасына» мектебіміздің оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсете білді.
Облыстық кезеңде 11-сынып оқушысы Балтабек Нұрбақ Нұрболұлы химия пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Босимбеков Миранбек Муратбекұлы география пәні бойынша мақтау қағазы
Худайберген Абдолла Нұрлыбайұлы физика пәні бойынша мақтау қағазы
Холмирзаев Шадиёр Ермануғли информатика пәні бойынша мақтау қағазы
Юсупалиев Дияр Бактиярұлы биология пәні бойынша мақтау қағазы
Камал Жансерік информатика пәні бойынша мақтау қағазымен марапатталды.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

