20 ақпан күні Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректор гранты үшін мектеп бітіруші түлектер арасында «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.
Зияткерлік ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру.
Ойынға таңдау пәні математика, физика,информатика,биология — химия, география, Шығармашылық (сәулет өнері) таңдаған мектеп бітіруші түлектерінен құралған 26 команда сайысқа түсті. Ойын ережесіне сәйкес 5 кезеңде түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылды. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған №4 мамандандырылған мектеп-интернатының «Infinity» командасының мүшелері жеңіске жетті. 5 оқушыға грант сертификаттарын Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ жастар ісі жөніндегі менеджері Мерлат Мейрамбекұлы табыстады. Ал “Дарын” командасы үздік үштікті түйіндеді. Құттықтаймыз. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.