АҚТӨБЕДЕН СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ

2025 жылғы 18-21 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Ақтөбе қаласында өтті. “Жекпе-Жек” сарайында 3 лек бойынша өткізілген конкурсқа барлығы 577 оқушы 10 секция бойынша өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Атап айтқанда:
1. «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» бағыты — Техника, Жер және ғарыш туралы ғылым, Физика секциялары;
️2. «Экономикалық және әлеуметтік үрдістері математикалық модельдеу» бағыты – Математика, Информатика, Қолданбалы математика, Экономика секциялары;
3. «Салауатты табиғи орта-«Қазақстан-2030» бағыты — Биология, Химия, Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау секциялары.

Сарыағаш ауданы N4 мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Холмирзаев Шодиер математика секциясы бойыншаІІІ орынға ие болды. Жетекшісі математика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Базарбаева Алтынай Макамбайқызы. Ғылым жолындағы ерекше жігерлігі және толағай жетістігімен құттықтаймыз!