Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Республикалық ғылыми жобалар конкурсынан шәкіртіміз жеңіспен оралды

2025 жылдың 25-28 ақпан аралығында Атырау қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша төртінші (қорытынды) кезеңі өткізілді. Конкурс халықаралық стандарттарға сәйкес ашық көрме форматында, барлық санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі нормалары сақтала отырып өтті.

️Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктеуден өткен 316 үздік жас зерттеушілер 256 ғылыми жобасын ұсынды.

⚖️Жобаларды бағалауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 27 ғалымы мен оқытушысы қатысты.

Әр жоба келесі критерийлер бойынша бағаланды:
• Зерттеу тақырыбының өзектілігі;
• Ғылыми жаңашылдық;
• Әдістемелік негізділік;
• Талдаудың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
• Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
• Жобаның безендірілуі мен презентация сапасы.

Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылардың 45%-ы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдары мен медальдары және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша 148 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды:
I дәрежелі диплом және алтын медаль (100-85 балл) — 27 оқушы;
II дәрежелі диплом және күміс медаль (84,99-70 балл) — 47 оқушы;
III дәрежелі диплом және қола медаль (69,99-60 балл) — 74 оқушы;
Грамоталар (59,99-50 балл) — 52 қатысушы.

Жарыс нәтижесінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Нұрлыбек Шұғыла “Өлкетану” секциясы бойынша медальға ие болды, жетекшісі Аймбаева Әселхан. Құттықтаймыз!