2024 жылдың 11-18 қараша аралығында “Математика — технократияның кілті” тақырыбында математика және информатика пәндер апталығы өтті. Апталықтың әр күні оқушылар үшін қайталанбас көріністе, қарқынды, қызыққа толы болды.
Күн тәртібінде келесі шаралар күнделікті жүргізілді:
- Пәндер бойынша инновациялық ашық сабақтар;
- Сыныптан тыс зияткерлік жарыстар;
- Тәрбиелік мәндегі іс-шаралар;
- Түскі үзілістегі түрлі блиц ойындар;
- Түрлі танымдық, шығармашылық сайыстары;
- Салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар.
Оқушылар келесі оқу жылына дейін математика және информатика апталығын күтетіні сияқты, аталған апталық та оқушыларды сағынатын болады…

