Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» ақциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани-адамгершілікке баулу. Ақын — жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене қатысқан 8-сынып оқушыларына, медбике Б.Үсенбаеваға, орыс тілі пәні мұғалімі Р.Абдулинаға, медбике көмекшісі М.Қасымбаеваға, ДТІЖО Қ.Сүлейменовке және ұстаздарға, оқушыларға,қызметкерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Кітап мәртебесін көтеру мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға көптеген кітап сыйға тартылды. Сыйға тартылған кітаптар оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды.