Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Түркістан облысының білім басқармасының
«Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ
2025-2026 оқу жылының 7-сыныбына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады
Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2025 жылдың 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
- Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің оқыған мектебінен анықтама фотосуретімен, мөрімен расталған;
- Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері. (бар болған жағдайда)
Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде халықтың төмендегі әлеуметтік осал топтарына квота беріледі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
- ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
- аналары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары.
Конкурстық іріктеуге құжаттар 15 сәуірге дейін қабылданады.
Өткізу формасы: тестілеу.
Тест тапсыру тілі: қазақ тілі.
7-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша 75 сұрақ беріледі:
- Математика және логика – 55 сұрақ;
- Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы – 10 сұрақ;
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Конкурс өтетін мекен-жай: Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі, 20Б орналасқан «Дарын» мектебінің базасы
Техникалық сұрақтар бойынша: 8(725-37) 2-24-48 немесе 8 (775) 087-93-27
телефонына хабарласыңыз!